Балалар

Солтүстікқазақстандық оқушылар “Special Olympics Kazakhstan” атты жарыстан жүлделі оралды

Сайран Қайырбеков – “Даму” мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы түзету мектеп-интернатының оқушысы

– Барлығы жақсы болды. Қарсыластар мықты дайындықпен келген. Жарыс аяқталғаннан соң көрікті жерлерге экскурсия болды.

Жалпы Оңтүстік астанада боулингтан өткен “Special Olympics Kazakhstan” республикалық жарысына өңіріміздің намысын қорғауға 4 жасөспірім аттанған. Оқушылар бұл сайысқа бармас бұрын, бір апта бойы №1 боулинг орталығында тегін жаттығыпты. Аз күнде біліктіліктерін шыңдап, жүлдеге іліккен жасөспірімдер енді әлем чемпионатына қатысатын үміткерлердің қатарын толықтырды.

Орынбай Қыстаубаев – “Даму” мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 арнайы түзету мектеп-интернатының дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

– Біз оқушыларымыздың осындай жетістікке қол жеткізгеніне өте қуаныштымыз. Оларға қолдау көрсеткен білім Басқармасына алғысымызды айтамыз.

Боулингтан “Special Olympics Kazakhstan” атты республикалық жарысқа еліміздің 10 облысы қатысқан. Нәтижесінде Алматы қаласы алтыннан алқа тағынса, теріскейліктер күміс жүлдені еншілепті. Ал үздік үштікті Алматы облысының спортшылары тұйықтапты.

 

Риат Шони.