Балалар

“Өз мамандығының білгірі” байқауы жалғасын табуда

Болашақ қырнаушының алға қойған мақсаты айқын. Ол биыл оқуын тәмамдағасын, Петропавлдағы ірі өндіріс зауыттарының біріне жұмысқа тұруды жоспарлап отыр.

Станислав Авбакиров – гуманитарлық техникалық колледждің студенті

– Үздік қырнаушы” байқауы екі кезеңді қамтиды. Алғашқы тапсырмада білдекте тетікті белгілі қалыпқа келтіру керек болса, екіншісі теориялық тапсырма. Әрине, сәл қобалжу бар. Бұл мамандықтық қателікті кешірмейді.

Жалпы техникалық мамандықта оқып жүрген студенттерге берілген тапсырма күрделі. Ең алдымен олар өндірістік білдекте белгілі бір бөлшекті жасап шығулары тиіс болса, келесі кезеңде теориялық тапсырмаға мүдірмей жауап берулері керек. Олардың білімдері мен біліктіліктерін тәуелсіз сарапшылар салмақтайды. Тек өз мамандығына берілген студент қана көптің ішінен алға суырылып шығатыны даусыз. Колледж директоры Александр Мерк, мұндай байқау жастарға өз кәсіптерінің қыр-сырын жетік біліп, алдағы уақытта зауыт цехтарында өз орындарын табуы үшін маңызды, – дейді.

Александр Мерк – гуманитарлық техникалық колледжінің директоры

– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру қажеттілігін жариялаған болатын. Мұнда ең маңыздысы жұмысшы мамандықтарына деген құрметті қайта жандандыру, олардың абыройын көтеру. Жұмысшы мамандықтарға арналған осындай сайыстар жастардың қалыптасуына және мансаптарын жоғарылатуға үлкен мүмкіндік береді.

“Өз мамандығының білгірі” байқауының жеңімпаздары – облыс намысын республикалық сында қорғайтын болады.

 

 

Бакыт Садуакасов.