Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Қауіпсіз вокзал. Қауіпсіз поезд” атты жедел алдын алу шарасы басталды

Ерлан Тасымов – Петропавл станциясы желілік ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы

– Әкімшілік кодекстің өзгеруіне байланысты адамдардың мазасын алып, жөнді-жөнсіз қызметтерді ұсынудың алдын-алу бойынша жұмыстар күшейтіледі. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексының 449-бабына сәйкес ондай тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. “Қауіпсіз вокзал. Қауіпсіз поезд” шарасы барысында полицейлер адамдардың мазасын алып, өз қызметтерін ұсынған 2 азаматты жауапқа тартты.

Жалпы вокзал маңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәртіп сақшылары рейдтік шаралар ұйымдастырып, жолаушыларға ескертпе қағаздар таратады. Деседе, кейбір адамдар заңды елемей, тыйым салынған жерлерден темір жолды кесіп өтіп, темекі шегіп, қоғамдық жерлерде алкогольдік сусындарды ішеді екен. Ал бұндай жандарды полицейлер әкімшілік жауапкершілікке тартып, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салады.

Ерлан Тасымов – Петропавл станциясы желілік ішкі істер бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы

– Қауіпсіз вокзал. Қауіпсіз поезд” атты жедел алдын-алу шарасы барысында 20 әкімшілік құқықбұзышылық анықталды. Оның ішінде 3-уі қоғамдық жерлерде алкогольдік ішімдік ішкендері, 2-уі адамдардың мазасын алып, қызметтер ұсынғаны үшін болса, 8 адам темір жол тораптарында тыйым салынған жерелерден өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Қауіпсіз вокзал. Қауіпсіз поезд” атты жедел алдын алу шарасы ақпанның 19-на дейін жалғасады.

 

 

Риат Шони.