Қоғам

«20 ізгі іс» акиясы жалғасуда

Василий Савинков- ҰОС ардагері, Жамбыл ауданы

 

– Бізді маңайды бақылап келуге жіберді. Сөйтіп, колонна құрып келе жатқанбыз. Сол сәтте пулеметпен атқылады. Қарша бораған оқтан жауынгерлерді аман алып қалу үшін жаумен арпалыстық. Сол ерлігім үшін маған осы орден берілді. Қазір ойлап қарасам, мен сол сәтте қаза табуым да мүмкін еді ғой. Сондықтан бұл награда жаныма жақын.

Ассамблея мүшелері осындай көзсіз ерлікке барған соғыс ардагерін құттықтап, өз сыйлықтарын табыс етті. Василий Савинков болса, сұрапыл соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісті. Кейін ұлттардың ұйытқысы болған бірегей институт өкілдері Алексей Тимошенконың үйіне соқты.

Тамара Родная- “Қазақстанның орыс қауымдастығы” ҚБ СҚОФ төрағасының орынбасары

– Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында ел көлемінде «20 ізгі іс» акиясы бастау алды. Сондықтан біз елімізге тәуелсіздік сыйлаған қарияларды қошеметке бөлейміз.

1941 жылы майданға аттанған ол барлық қиындықты басынан өткерген. Соғыстан келген соң да қол қусырып отырмай, бар саналы ғұмырын туған жерінің дамуына арнаған. Қария тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгендігін біледі. Сондықтан егемендікті бағалап, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға шақырады.

Алексей Тимошенко- ҰОС ардагері, Жамбыл ауданы

– Біз азаттық үшін жаумен алысып, оны сақтап қалдық. Біздің жеңісіміздің өзі бейбітшілік пен келісімнің арқасында келді. Қазір Елбасымыз әлем үшін қиын кезеңнің келгендігін айтып жатыр. Сондықтан біз барлығымыз бірігіп, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, сол қиындықтарды жеңу керекпіз.

Қарт майдангердің ең сүйікті ісі – кітап оқу. Ол жаңалықтарды бір сәт болсын қалт жібермей, үнемі қарап отырады. Сондықтан әлемде болып жатқан оқиғалардың барлығы ұлтаралық келісімнің жоқтығында дейді. Бүгіндері ардагердің 2 қызы, 6 немересі мен 9 шөбересі бар. Ассамблея мүшелері бұл жолы Благовещенкада тұратын Николай Пономаренконың үйіне де ат басын бұрды. Қария Польша, Чехославакия, Вегрия және Югославияны жаудан азат етуге қатысқан. Ардагер қазір 66 жыл отасқан жарымен бірге тұрады. Жалпы Жамбыл ауданында бүгіндері 9 қарт майдагердің көзі тірі. Солардың барлығы осындай құрметке бөленбек.

 

Магжан Ахмадина.