Аптадағы маңызды жаңалықтар

Елімізде биыл Президент сайлауы өтуі мүмкін

Таңат Сүгірбаев- «Асыл мұра» тарихи-мәдени ортылығының жетекшісі

– Ол саяси да, экономикалық жағынан да тиімді болмақ. Оның үстіне бұл шара жеңістің 70 жылдығы, қазақ хандығының 550 жылдығы және ассамблеяның 20 жылдығы сынды маңызды мәселелермен тұспа-тұс келмек. Сондықтан дұрыс болады деп ойлаймын.

Тың бастамасымен елді елең еткізген Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдерінің ұсынысы қазір жер-жерде қызу талқылануда. Еліміздегі бірегей институт өкілдері бұл уақытылы көтерілген бастама деп түйіп отыр.

Рашид Надиров- «Барбанг» күрттер этно-мәдени орталығының төрағасы

– Елбасымыз ұлттық идеялардың бастамасы болып отыр. Жаңа келген адам сол істерді жалғастырады деген үміттеміз.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет Қазақстан халқы Ел Президентін 2011 жылы сайлаған болатын. Сонда Нұрсұлтан Назарбаевты республика тұрғындарының 95 пайыздан астамы қолдап, дауыс берген болатын.

Магжан Ахмадина .