Құқық қорғау органдары

Учаскелік инспекторлар тұрғындар алдында есеп беруде

Ердәулет Кұсайынов, Петропавл қалалық ІІБ №3 аумақтық полиция бекетінің учаскелік инспекторы

– Бүгінде №3 аумақтық полиция бекетінде 165 адам профилактикалық есепте тұр. Оның 11-і мерзімінен бұрын шартты түрде жазаны өтеуден босатылды. Дені тұрмыс жағдай нашар отбасылардан шыққан. Былтыр 12 айдың ішінде учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен 67 қылмыс ашылды. 9 адам мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді. 1 300-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бүгінде тәртіп сақшылары вокзал аумағындағы қылмыстардың денін көшелерде орнатылған бейнебақылау камералардың көмегімен ашып жүр. Осы орайда тұрғындардың тыныштығын сақтауда “Қауіпсіз аула” бағдарламасының да берері мол. Есептік кездесу барысында вокзал аумағының тұрғындары қаңғыбастар мен темекіні подъездерде тартатын адамдардың үстінен шағым түсірді.

Жомарт Абылаев, Петропавл қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімі бастығының орынбасары

– Бекітілген кестеге сай учаскелік инспекторлар тұрғындар алдында есеп береді. Бұдан бөлек олар қала аумағында алдын алу шараларының қалай жүріп жатқандығын тұрғындарға айтады.

Тәртіп сақшылары тұрғындармен жиі басқосу өткізудің арқасында облыс орталығы аудандарының қауіпсіздігін қадағалауға болады деп есептейді.

Берик Касен.