Білім

“Өз мамандығының білгірі” республикалық байқауы жалғасын табуда

Виталий Василевич – М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің инженер бағдарламашысы

– Мен өзім Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінің түлегімін. Қазірде бағдарламашы болып осы оқу орнында еңбек етіп жүрмін. Байқауға қатысуға бірден келістім, өйткені берілген тапсырмалар күнделікті сабақ барысында кездеседі.

Жарысқа келушілерге барлық тапсырма түсіндірілгесін, 4 оқу орнының студенттері мен мамандары компьютер сыныбына жайғасты. Мұнда олар тәуелсіз сарапшылардың алдында теориялық білімін практикамен ұштастыра алатындығын дәлелдеп шығуы қажет. Байқау ережесіне сәйкес оларға 4 сағаттай уақыт берілген. Жалпы ұйымдастырушылар бұл конкурс жастардың шеберлігін шыңдауға септеседі, – деп отыр.

Адлан Өтемісов – СҚО бойынша “РҒӘО” АҚ филиалының директоры

– Байқауды еңбек жолын жаңадан бастаған мамандар мен студенттердің біліктілігін шыңдау үшін өткізудеміз. Сондай-ақ аймақтық сайыста жеңіске жеткендері республикалық жарыста бағын сынайды. Бүгінгі чемпионатқа орта және арнайы оқу орындарынан 18 бен 22 жас аралығындағы жастар шеберліктерін көрсете алады.

Айта кеткен жөн, “Өз мамандығының білгірі” республикалық байқауы осыған дейін Петропавл машина жасау колледжінің студенттері арасында өткізілген еді.

 

Бакыт Садуакасов.