Балалар

Православ сеніміндегілердің “Масленица” мейрамы басталды

Ойындарға балғындар белсене қатысып, қызыққа бөленуде. Сонымен қатар, олар Масленица мерекесі жайлы мағлұматтар алып, аптаның әр күніне түрлі атау берілетінін білді.

– А какой день сегодня? Среда! Лакомка, обжорный день. Ой, стара стала. Забыла блинов-то испечь, вдруг гости придут. Пойду-ка тесто поставлю

Кішігірім мерекені ұйымдастырған мұражай қызметкерлері мейрамның басты нышаны – құймақ әзірлеуді де естен шығармапты. Бүлдіршіндер тағамнан дәм татып, қызметкерлер безендірген үйдің ішін тамашалады. Оның ішінде өткен ғасырдың басындағы дастарқандар, сүлгі мен ұршықтар жайғастырылған.

Ирина Корнилова – Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі

– Сонымен қатар, үйдің ішіне өңірге 100 жыл бұрын қоныс аударған орыстар балшықтан жасаған құмыра, ағаш тостаған, самауырлар орналастырылды. Бұның барлығын балалар мерекені білсін деген ниетпен ұйымдастырдық.

Масленица апталығындағы көріністі сәттердің ішіндегі ерекшесі – ол сабаннан жасалған мүсінді, яғни қарақшыны өртеу. Көрініс мұражайдың ауласында орын алды.

Ульяна Волох

– Маған ойындар ұнады. Өте көңілді. Масленица мейрамын ұнатамын.

Анастасия Мамырина

– Біз үйге қонақ шақырып, құймақ пісіреміз. Маған тосап пен құймақ ұнайды.

Мұражайдағы “К нам приходит масленица” /Бізге Масленица келеді-аудармасы/атты мейрам ақпанның 20-на дейін жалғасады.

 

Риат Шони.