Спорт

Петропавлда мемлекеттік кірістер органының қызметкерлері арасында спартакиада өтті

Данияр Жаналинов – СҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

– Өткізіліп жатқан сайыста ойыншылар 6 спорт түрі бойынша бәсекелеседі. Ол волейбол, мини-футбол, үстел теннисі, шахмат, қазақша күрес және “Әкем, анам және мен спортты отбасы” атты таңдаулы ойындар. Жарыстың нәтижесінде, алтыннан алқа тағынған құрама құнды сыйлықтарға ие болады.

Солтүстік аумақ құрамысының ойыншысы Әлібек Әшімов бұл спартакиадаға бірінші рет қатысып тұр. Ойыншы бұл жарысқа тыңғылықты дайындалған. Ол жақсы дайындық – жеңістің кепілі дейді.

Әлібек Әшімов – Тайынша ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

– Бұл жарысқа бірінші рет қатысып тұрмын. Осы сайыста жақсы нәтиже көрсету үшін, қызу дайындық жүргіздім. Біздің құрама жеңіске жететіне сенімдімін.

Спартакиаданың бірінші кезеңінде қатысушылар волейбол ойынынан бәсекеге түсті. Алаңға алғашқы болып Орталық және Батыс аумақтың құрама командалары шықты. Бірінші партияның соңына дейін екі жақ та тең ойнап, жеңісті қолдарынан бермеуге тырысты. Алайда, шешуші 15-ші ұпайды Батыс аумағының құрамасы еншілеп, қарсыласын тізе бүктірді.

Жарыстың екінші кезеңінде Батыс аумағының шабуылдары өткір болғанымен, сәттілік жетіспеген сияқты. Қалған 10 минут уақыттың ішінде Орталық аумақтың командасы өз қоржындарына 3 ұпай қосып, басымдық танытты. Сөйтіп, бұл жолы есеп 15 те 7 болды. Ал, ойынның үшінші партиясында финалдық ысқырыққа дейін Батыс аумағының құрамасы 4 ұпайды еншілеп, жеңіске жетті. Ақырғы есеп 15:13.

Спорттық жарыстың нәтижесінде барлық ойындарда жеңіске жеткен құрама Павлодар қаласында өтетін аймақтық жарыста бағын сынайтын болады. Ал, финалдық дода Астана қаласында мамырдың 1-і мен 7-сі аралығында өтеді.

 

Сагыныш Маркашева.