Без категории

Ауған жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына биыл 26 жыл

Ауған соғысының аяқталғанына қанша жыл өтсе де, оның салған жарасы мен зардабы ел есінде мәңгілікке сақталады. Сол кезде Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған өрімдей жастардың көбі өздерінің майданға түсетінінен хабарсыз болатын.
Оған қоса 18-20 жастағы жігіттер Ауған жеріне әскери дайындықсыз барғандықтан олар үшін бұл ұрыс ауыр тиді.

Бақытжан Темірбаев, Ауған соғысының ардагері

– Елімізде соғыс болмасын. Тәуелсіз мемлекетіміз қарыштап, дами берсін!

Ауған жеріндегі соғысқа 1500 жерлесіміз шақырылған, оның ішінде 46-сы майданда қаза болды. Ұрыс даласының қаншалықты азапты болғанын оны басынан өткерген адам ғана түсіне алады дейді ауған соғысының ардагері Талғат Самаратов.

Талғат Самаратов, Ауған соғысының ардагері

– Біз жас болдық. Алғашында қай жерге келгенімізді білмедік. Ұрыс тактикасын да білмейтінбіз. Басында бойда үрей, қорқыныш болды. Сосын мұны біз ел алдындағы борышымыз деп түсініп, соғысқа батыл кірістік.

Әскери жолдастық жеңіске жетуге көп көмек көрсетті. Сарбаздардың қайтпас қайсарлығы келе жатқан жастарға үлгі болары сөзсіз.

Пакизат Жылқайдарова, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің оқушысы

– Бұл жауынгерлердің батылдығы ҰОС ардагерлерінен еш кем емес. Сондықтан біз оларға лайықты құрмет көрсетіп, олардың есімін ешқашан ұмытпауымыз тиіс.

2 238 күнге созылған Ауғандағы қантөгіс 20-шы ғасырдағы ең ұзақ соғыс ретінде тарихта қалды. Оған 20 мыңнан аса қазақстандық қатысқан екен.

Берик Касен.