МТРА жаңалықтары

Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу ошақтарында “Өз мамандығының білгірі” байқауы өтуде

Машина жасау колледжінің 1,2,3 курс студенттері теориялық сынақтан өткен соң, шеберханаға келіп, 1 сағат көлемінде жону білдегінде деталды қажетті қалыпқа келтірді. Комиссия мүшелері жұмыстың сапалы орындалуын, қауіпсіздік ережелерінің сақталуын бақылады.
Наиль Шакиров машина жасау колледжінің 3 курс студенті. Ол қазір тәуелсіз сарапшылардың сынағынан сүрінбей өтіп, болашақта өңіріміздегі ауыр машина құрастыратын зауытқа жұмысқа орналасқысы келеді.

Наиль Шакиров, Петропавл қаласының машина жасау колледжінің оқушысы

– Бұл байқауға қатыспас бұрын мен “Авагро” зауытында тәжірибе жинадым. Мұнда бастысы жонғыш білдектің қыр-сырын жақсы білу керек. Сызбаларды дұрыс оқып, металл түрлерін айыра білу қажет. Мен алда жонушы мамандығын жақсы меңгеріп, заутта көп жыл бойы адал еңбек еткен ағаларымның жолын қуғым келеді.

Колледж басшылығы бұл байқау талапты жастың қабілетін анықтау үшін маңызды дейді.

Анатолий Фурманюк, Петропавл қаласының машина жасау колледжінің директоры

– Осы сынды байқау техникалық және кәсіптік білім беретін оқу ошақтарында ұйымдастырылып жатыр. Ол ел бойынша өткізіледі. Бүгін комиссия мүшелері оқушылардың дайындық дегейін тексеріп, бізге бірқатар нұсқаулықтар береді. Біз алда сол кеңестерді ескеріп, оқу бағдарламасына өзгерістер енгіземіз.

“Өз мамандығының білгірі” байқауы облыс орталығындағы құрылыс, техника, қызмет көрсету саласына мамандандырылған 4 білім ошағында өткізілмек.

Берик Касен.