Мәдениет

Облыстық қуыршақ театрына 25 жыл

Наталья Гузеева – облыстық қуыршақ театрының әртісі, труппаның жетекшісі

– Ертегі көрерменге ұғынықты, әсерлі болып, жүректерге жету үшін әуен мен ырғақтың да үйлесімді болуы шарт. Сондай-ақ сахнаның ертегі мазмұнына сай безендірілуі, әсем табиғатты жандандыратын дыбыстар барлығы да ерекше үйлесімділікпен дайындалады. Бұл қажырлы еңбекті талап ететін мамандық түрі.

Сондай-ақ, өнер ордасы құрылған кезден бері осы жерде қызмет етіп келе жатқан әртістердің бірі костюмер, техник-реквизитор Наталья Карпенко. Нәзікжандының қатысуымен кішкентай көрермендерге жол тартқан алғашқы қойылым “Винни Пух” ертегісі.

Наталья Карпенко – облыстық қуыршақ театрының техник-реквизиторы

– Қуыршақ театры балапандарымызды мәдени өмірге баулып, рухани өсуіне, септігін тигізуде. Басты міндетіміз – бүлдіршіндердің көңілін аулайтын көріністер қою. “Ұяда не көрсең – ұшқанда соны ілесің” дегендей, театр да бала тәрбиесіне өзіндік үлесін қосып келеді.

Театр ұжымы болашақта кішкентай көрермендерге түрлі базарлықтар әзірлеп жатқандарын айтты.

 

Бакыт Садуакасов.