МТРА жаңалықтары

«Біз – жеңістің мұрагерлеріміз» әскери-патриоттық эстафетасы жалғасын табуда

Жас ұрпақ­тың баянды болашағы үшін қаһармандықпен айқасқан кешегі сарбаздардың ерлігі, қан­ша­ма уақыт өтсе де ұмыт қалмайды. 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлері Сталинград үшін болған шайқаста қайсарлық көрсетті. Ердің ерлігі – әрқашан ел есінде қалады деген осы.

Жұмабек Ахметов – ҚР Ұлттық Ұланы Әскери институтының бастығы.

– 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының Сталинградтан Прагаға аттанған жауынгерлік жолы қиынға соқты. 2850 шақырымға созылған шайқаста олар Молдавия, Румыния, Венгрия сынды 721 елді-мекенмен, 13 ірі қаланы фашистік басқыншылардан азат етті. Бұл жандардың батырлығы мен ерлігін ұмытпай, насихаттап жүру кейінгі толқынның борышы деп санаймын.

Шара барысында 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының қалай құрылғандығы жайында театрландырылған көріністер де көрсетілді.

Санаулы күндерден соң жауынгерлік тудың көшірмесі Қостанай қаласына жол тартпақ.

Нұрсұлтан Рахымбай – ҚР Ұлттық Ұланы Әскери институтының курсанты.

– Әскери институт бастығының тәрбие және әлеуметтік құқық жөніндегі орынбасары, үздік оқытушы және үздік курсант апарады. Үдік курсант деп мені таңдады. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Менің әскери қызметте курсанттық өмірімнен үлкен бір естелік десе де болады. Бұл міндетті мен абыроймен орындаймын деп уәде беремін.

Жалпы, жауынгерлік ту ұлан-ғайыр қазақ даласының 25 қаласын аралап, Жеңіс күні қарсаңында елордаға жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Джакупов Самат.