Денсаулық сақтау

Еліміздің 5 өңірінде қызылша ауруына қарсы қосымша екпе шаралары жүргізіледі

Юрий Пузиков, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментi басшысының орынбасары

– Биыл ел қазынасынан қомақты қаражат бөлініп, қызылшаға қарсы 25 мыңнан астам вакцина алынды. Оның барлығы 437 елді-мекенге таратылды. Жалпы аталмыш науқанға 91 бригада, 300-ден астам медициналық қызметкер дайын. Олар емдеу мекемелерінің, білім ошақтарының базасында 15 пен 19 жас аралығындағы жастарға екпені тегін жасайды.

Қызылшаға қарсы вакцинация шарасы ақпанның 16-сы мен 28 аралығында жүргізіледі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, соңғы 3 жылда 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдер қызылшамен жиі ауырыпты. Сондықтан осы санаттағы азаматтар вакцинаны міндетті түрде ектіруі қажет.

Юрий Пузиков, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментi басшысының орынбасары

– Бүгінде ресми ақпарат бойынша Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Ресейде қызылшамен ауыратын адамдардың саны айтарлықтай жоғарылады. Оған қоса соңғы 3 жылдың ішінде республикамызда қызылша ауруымен 400 -ден артық қазақстандық ауырған. Оның 37 %-ы 15 пен 19 жас аралығындағы жасөспірімдер. Сондықтан біз оларды алда жұқпалы аурулардан қорғау және елдегі эпидимиологиялық жағадайды қалыпта ұстау үшін осындай шараларды тағы бір мәрте өткізбекшіміз.

Егер пациентте дене қызуы 37,5 градустан жоғарылап, бас ауруы сынды клиникалық белгілер байқалса, жасөспірім қызылшаға қарсы екпе жасаудан уақытша босатылады.
Жалпы алдағы 2 аптаның ішінде 21 630 адамға қосымша вакцина қою тегін жүргізіледі.

Берик Касен.