МТРА жаңалықтары

Елімізде бензин бағасы төмендеді

Александр Ружицский – Такси жүргізушісі.

– Мұндай баға осыдан 6-7 жыл бұрын болған еді. Қазір міне бензин құны біршама төмендеді. Қыс мезгілінде көлігімізді қыздыруымыз керек. Еңбекпен тапқан ақшамызды тек бензинге жұмсайтынбыз. Ал қазір пайда көре бастадық.

Қазіргі таңда АИ-92 маркалы бензин жүргізушілер арасында үлкен сұранысқа ие. Сондықтан оның бағасы 99 теңгегеден саудаланып жатқанына көлігі барлар қуанышты. Қалтаны қақпайды дейді.

– Бұрын 128 теңге болды ғой. Ақырын-ақырын түсіп 99 теңге болды. Дұрыс. Халыққа кішкене көмек қой.

– Қазір Петропавлдан Көкшетау қаласына бет алдым. Бензиннің арзандағанына қуаныштымыз. Артық шығынға батпайсын. Қазір жер-жерде баға төмендеп жатыр ғой. Бірақ менің ойымша мұның бәрі уақытша.

Аи-92 маркалы бензин бағасы Елімізде 128 теңгеге дейін көтерілген болатын. Бұдан соң 115-ке, кейін 107-ге, және 102 -теңгеге түсті. Қазір бинзиннің бұл түрінің бір литрі 99 теңгеден саудалануда. Бұл мұнай бағасынының құлдырауымен, Ресей рубльінің құнсыздануына байланысты болып отыр.

Джакупов Самат.