Құқық қорғау органдары

Әкімшілік айыппұлын 7 күннің ішінде өтегендер қарызының жартысын ғана төлейді

Инспектор

– Жол ережесін бұзғаны үшін сізге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ол 19 820 теңгені құрайды. Бірақ. 2015 жылы заңнамаға енген өзгерістерге байланысты сіз салынған айыппұлдың 50 пайзыны ғана өтеуіңізге болады.

Жас азамат сол күні айыппұлын төлеп, түбіртекті қалалық ІІБ-на тапсырды. Ол заңнамадағы өзгерістің тұрғындарға ыңғайлы екендігін айтуда.

заң бұзушы

– Мен сол күні жұмысқа асығып бара жаттым. Күнәмді мойындаймын. Маған инспектор заңдағы жаңашылдықты түсіндіріп, 50 пайыздық жеңілдік бар екенін айтты. Бұл өзгеріс жақсы екен. Ақшаны әрі уақытты үнемдеуге болады.

Биыл күшіне енген әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнамадағы өзгерістерге сәйкес айыппұлын уақытылы өтеген азаматқа жеңілдік қарастырылған. Жалпы жыл басынан бері атламыш жеңілдікті 2000 астам петропавлдық пайдаланған. Оның басым бөлігі жол қауіпсіздік ережісін бұзғандар. Олар да әкімшілік айыппұлды төлеуде 50 пайыздық жеңілдікке ие болды.

Асан Смағұлов, Петропавл қалалық ІІБ бастығының орынбасары

 

– Заң бұзушылар айыппұлын 30 тәулік ішінде төлеп, түбіртекті ІІБ-ның қызметкерлеріне тапсыруы керек. Егер бұл талап орынламаған жағдайда, әкімшілік материал сотқа жіберіледі.

Бүгінде тәртіп сақшыларының жұмысын көшелерге орнатылған бейнебақылау камералары жеңілдетіп отыр. Бүгінде облыс орталығында аталмыш құрылғының 74-і орнатылған.

Риат Шони.