Денсаулық сақтау

Жыл басынан бері 34 солтүстікқазақстандық тұмау жұқтырды

Юрий Пузиков, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментi басшысының орынбасары

– Қаңтар айының соңғы апталардын өткір респираторлық инфекцияны жұқтыру 17 пайызға жоғарылап отыр. Оны 1039 жұқтырған. Жалпы респираторлық аурулар бойынша өңірімізде эпидимиологиялық жағдай тұрақты.

Бүгінде мектептердегі жағдай облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментi мамандарының ұдайы бақылауында.

Юрий Пузиков, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаментi басшысының орынбасары

– Бүгінде өңір мектептерінде өткір респираторлық инфекцияны жұқтарғандар тіркелмеген. Сондықтан білім ошақтарында қандай да бір шараларды өткізіп, мектептерді карантинге жабуға еш негіз жоқ.

Осыған дейін 69 мың солтүстікқазақстандыққа тұмауға қарсы екпе жасалған. Уақытылы жүргізілген шаралардың ақрасында мамандар эпидимиологиялық жағдайды тұрақты ұстап тұру мүмкін болып отыр дейді.

Берик Касен.