Спорт

“Қызыл-Жар СК” футбол клубының Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аяқталды

Григорий Лория – “Қызыл-Жар СК” ФК президенті

– Біз болгариялық команданы 2-1 есенбімен ұттық. Ол ойын құрама үшін өте маңызды, әрі қиын кездесу болатын. Екінші таймда 4 бірдей жас футболшы алаңға шықты. Біздің барлық голдарымыз сол екінші 45 минуттықта соғылды. Алғашқысын Соколенко салса, соңғы нүктені Жалмағанбетов қойды.

Қаңтардың 18-мен 7-ші ақпан аралығында шет елде өткен оқу-жаттығуларға Давити Чагелешвилимен бірге бірқатар легионерлер жергілікті команда намысын қорғады. Ал бұрынғы құрамадан тек алты-ақ ойыншы ғана орнын сақтап қалған.

Григорий Лория – “Қызыл-Жар СК” ФК президенті

– Жалпы оқу-жаттығу жиынында қойылған талаптар мен мақсаттар толығымен орындалды. Барлық ойыншылардың икемін байқап көрдік. Көптеген легионерлер бізге жарамады. Команда сапында былтырғы маусымнан Ильдар Аитов, Виталий Головешкин, Виктор Гунченко, Давити Чагелешвили мен Александр Соколенко және де Юрий Мокроусов қалды. Оларға үлкен сенім артылады. Ал біздің соңғы оқу-жаттығу жиынымыз Шымкентте өтеді.

Сондай-ақ, жергілікті команда алдағы уақытта тағы да Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр. Онда қызылжарлықтар түрлі лиганың өкілдерімен 6 кездесу өткізеді.
Айта кету қажет, жақында жергілікті клубтың эмблемасы жаңартылды. Және де спортшыларымыздың қонақтық кездесулерге баратын автобустың дизайны да өзгеретін болады. Сонымен қатар өңірде жас футболшылардың икемін жетілдіру мақсатында облыс әкімі Ерік Сұлтановтың бастамасымен осы жылдан бастап елімізде “футбол орталықтары мен академиялары арасында ҚР-ң біріншілігі” атты турнир өз жалауын көтереді. Аталмыш жарыста теріскейдің намысын түрлі жас ерекешеліктері бойынша 7 команда қорғамақ. Ал бірінші лиганың ойындарына келер болсақ, алғашқы кездесулер 4-ші сәуірде басталады.

Риат Шони.