Мәдениет

Қазақ хандығының 550 жылдығана орай «Жастар, жастар үшін. 21 хасыр мұражайы» жобасы жарияланды

Диран Ғабдулина – «ЮНЕСКО клубы» көркемөнер лицейінің оқушысы.

– Менің салып жатқан суретім “беташар” деп аталады. Бұл қазақтың бұрыннан келе жатқан салты болып келеді. Жақын уақытта аяқтаймын деп ойлаймын. Мен гуаш бояуын қолданып жатырмын.

Ал мынау домбыра тартып отырған ақсақалдың бейнесі. Мұны Валерия Джаманчалова суреттеп жатыр. Бұл істі бастамас бұрын, біраз ізденуге тура келді дейді, -Валерия. Жұмыс 1-2 апта уақыт ішінде дайын болмақ.

Валерия Джаманчалова – «ЮНЕСКО клубы» көркемөнер лицейінің оқушысы.

– Осы суретті салу үшін көп уақыт ойландым. Мектепте Қазақстан тарихы пәнін оқып жатып, маған осы идея келді. Бұрын қазақ жерінде көптеген ақындар, жазушылар болған. Міне енді Көзіме елестеткен бейнемді, суреттеп жатырмын.

Жалпы «Гүлденген Қазақстан» көрмесіне 70-тен астам азаматтың еңбегі қойылмақ. Олардың 25-і «Юнеско клубы» көркемөнер лицейі оқушыларының жұмысы.

Батыр Әбілмәжінов – «Абылайхан резеденциясы» мұражай кешенінің тарих бөлімінің меңгерушісі.

– «Жастар, жастар үшін. 21-ғасыр мұражайы» жобасы алғаш рет 2012 жылы ұйымдастырылған. Ол кезде оған жас фотогрофтар мен модельерлер қатысқан болатын. Негізінен жоба үш жылда бір рет өткізіледі. Биыл енді суретшілер ат салыспақшы. Жобаның басты мақсаты: жастарды қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне баулып, шығармашылық тұрғыда қолдау көрсету. Биылғы жоба қазақ хандығының 550 жылдығына арналып отыр.

Жобаға 14-пен 30 жас аралығындағы кез-келген азаматтар қатыса алады. Үздік деп бағаланған жұмыстардың иесі бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

Джакупов Самат.