МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын тексеру бойынша рейд өтті

Зура Мұхамедғалиева – қала тұрғыны

– 15 минуттай күтеміз кіргенде, электронды түрде телефон арқылы жазыламын. Сағатында келе қоямын. Дәрігерге еш кедергісіз кіремін.

Жастар ұйымының өкілдері емделушілердің ұсыныстары мен шағымдарын тізіп, баспасөз бетіне жарияламақ. Осылайша олар денсаулық сақтау мекемелеріндегі кемшіліктерді жоюға септесеміз деп отыр.

Данияр Әбуталіпов – СҚО жастар бастамалары орталығының директоры

– Біз мемлекеттік мекемелердің жалпы қызмет көрсету деңгейін анықтаймыз. Жұмыс қорытындысын денсаулық сақтау департаментіне хабарлаймыз.

Одан соң, белсенді жастар облыс орталығындағы №1-ші халыққа қызмет көрсету орталығына соқты. Мұнда олар қызмет түрлерінің қаншалықты сапалы көрсетіліп жатқанын байқап, тұрғындардың пікірін тыңдады. Бүгінде мекемеде халыққа 159 қызмет түрі ұсынылады. Орталықта бұл жолы кезек жоқ. Құжаттарын реттеуге келген теріскейліктер де орталықтың жұмысына оң бағасын берді.

Аққу Жүзенова – ХҚКО клиенті

– Халыққа қызмет көрсету орталығында бәрі өз тәртібімен жүргізіледі. Кейде жұмыс уақытында үлгермей қаласың. Жалпы көңілім толады.


Дәл осындай акцияны жастар орталығының белсенділері қаламыздағы өзге де мемлекеттік орындарында өткізген болатын. Нәтиже жоқ емес.

 

 

Бакыт Садуакасов.