Спорт

«СҚО мүгедектер спорты федерациясы» ҚБ жаңа президенті сайланды

Вячеслав Латышев- мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған «Үмiт» спорт клубының директоры

– Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі спортшылар халықаралық және республикалық 20-дан астам жарысқа қатысып, түрлі дәрежедегі 63 медальді жеңіп алды. Бүгіндері бізде 28 топ 11 спорт түрі бойынша жаттығуда. Биыл тағы биатлон, бадментон және еркін күрес бойынша жаңа секциялар ашылды. Жалпы басымдық жас спортшыларға беріледі. Наурыз айының басында өңірде шаңғыдан ел чемпионаты өтеді. Соған қазір қызу дайындық жүргізілуде.

Бүгінгі күні өңірде мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен айналысуына барлық жағдайлар жасалған. Оларға жаңадан сайланған СҚО мүгедектер спорты федерациясының президенті – Данияр Жаналинов тоқталды. Бірлестіктің бұрынғы президенті жұмыс орнын ауыстыруына байланысты, бұл міндеттен босатылған болатын. Сондықтан мұндағылар жаңа кандидатураны бір ауыздан қолдады. Өз кезегінде СҚО мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы артылған үмітті ақтауға тырысатындығын жеткізді.

Данияр Жаналинов- «СҚО мүгедектер спорты федерациясы» ҚБ президенті, СҚО мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы

– Бұл федерацияның өзіндік тарихы, жетістіктері бар. Сондықтан мен үшін мұндай ұжымды басқару зор мәртебе. Алда жетістіктерді еселей түсу міндетін қоятын боламыз. Келешекте федереацияның дамуына бірлесе үлес қосып, жақсы жұмыс атқаратынымызға сенімдімін.

Бүгіндері аталмыш клуб құрамына түрлі жас ерекшеліктеріне байланысты 160 спортшы енген. Олардың 13-і ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді.

Магжан Ахмадина.