Спорт

Допты хоккейден облыстық чемпионат бастау алды

Олег Егоров – хоккей командасының капитаны, М.Жұмабаев ауданы

– Чемпионатқа өткен желтоқсан айынан бері дайындалдық. Күніне 4 сағат жаттықтық. Алға қойған мақсатымыз биылғы маусымда үздік үштікке ену.

Екінші таймда да жұмабаевтық хоккейшілер 10:0 есебімен басым түсіп, ойынды сәтті аяқтады. Сондай-ақ, бүгін мұз айдынында Қызылжар ауданы мен есілдіктер, Шал ақын және Тайынша ауданының құрамалары кездесті. Жалпы облыстық чемпионатқа өңір аудандарынан 13 команда қатысуда.

Владимир Щербинин – мандаттық коммисия төрағасы

– Аталмыш турнир өңірімізде жыл сайын ұйымдастырылып тұрады. Биылғы жылғы жарысқа барлық аудандар қатысуға тілек білдірді. Дайындықтары жаман емес. Өткен жылы Қызылжар, Тайынша және Есіл ауданының командалары үздік деп танылып, жеңіске жеткен болатын. Биыл қай хоккей құрамасының жеңімпаз атанары әзірге белгісіз.

Жарыс 15-ші ақпанға дейін жалғаспақ.

 

Бакыт Садуакасов.