Без категории

72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туы Петропавлға жеткізілді

Владимир Бубенко, СҚО әкімінің орынбасары

– Солтүстік Қазақстан облысынан әрбір үшінші азамат отанын қорғау үшін соғысқа аттанды. Ерлік көрсеткен 64 жерлесіміз Кеңес Одағының батырлары атағына ие. Ұлы Отан соғысын жеңіспен аяқтаған ержүрек майдангерлерімізге алғысымызды білдіреміз.

Бұл эстафета Отанды қорғаған қазақстандық майдангерлердің рухтарына тағзым етуді мақсат еткен. Сталингардатағы жеңістен соң 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы 1943 жылы Воронеж, Харьков, Красноград қалаларын жаудан азат етуге ат салысты. Сөйтіп жауынгерлік жолын Прага қаласының түбінде аяқтады. Қанды соғысқа қатысқан ардагерлеріміз бүгінгі бейбітшілік өмір үшін жандарын шүберекке түйіп шайқасқандарын айтады.

Петр Гладков, ҰОС ардагері

– Бұл тудың барлығымыз үшін орасан маңызы бар. Өйткені, Ұлы Отан соғысында жеңіске жету оңай болған жоқ. Қаншама адамның қаны төгілді. Осы тумен қатарлас жауынгерлер Берлинге дейін барып, жеңіске жетті. Сондықтан бейтшілік өмірде ғұмыр кешіп жатқан жастарымыз мұны ұмытпауы керек. Тыныштық пен достық қарым-қатнастағы бүгінгі тұрмысымыз ұзағынан болғай.

72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік туы келесі кезекте ҚР Ұлттық Ұлан әскери институтына тапсырылмақ. Бұл – болашақ офицерлер үшін аса зор мәртебе.

Жұмабек Ахметов, ҚР Ұлттық Ұланы Әскери институтының бастығы

– Аталған эстафета бойынша өңірімізде көп іс-шаралар өткізіледі. Жастармен кездесіп, 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлігі жайында айтамыз.

Осылайша 92 тәулікке созылатын эстафета барысында 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туы еліміздің барлық облыстарын аралап, жерлестерімізге жеңіс лебін сездірмек. Жалпы, әскери-партиоттық нышан ұлан-ғайыр қазақ даласының 25 қаласын аралап, Жеңіс күні қарсаңында елордаға жеткізіледі деп жоспарланған.

Ахметова Бану.