Балалар

Студенттерді жұмыспен қамту

Азамат Шәймерденов, “Нұр Отан” партиясының “Жас Отан” ЖҚ атқарушы хатшысы

– Қазір біздің өңірімізде “Сәтті қадам” бағдарламасы жүзеге асуда. Соның аясында жоғары білімі жоқ студенттер өңіріміздің жетекші компанияларында тағылымдамадан өтеді. Кейін университетті бітергенен кейін сол мекемеге жұмысқа алынады.

Жиын барысында 18 бен 29 жас аралығындағы жастарды кәсіпкерлікке тарту жайы да қаралды. Рахымбек Зейнуллин даму қорының өкілі. Ол бүгін жастарға бизнестің бастапқы сатылары бойынша біршама ақпарат берді.

Рахымбек Зейнуллин, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ СҚОФ жанындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшісі ”

– Бүгінде біз “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша жас кәсіпкерлер мектебінде жастарға бизнес жоспарды қалай құру керектігін үйретеміз. Арнай курста олар бизнесті бастап, жүргізу тетіктерін үйренеді.

Отырыс барысында студенттерден түскен сауалдарды “Жас Отан” ЖҚ-ның өкілдері жазып алды. Алда бұл ұсыныстар жергілікті жерде қаралып, республикалық деңгейде шешілетін болады.

Берик Касен.