МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік сатып алымдарда сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу

Нұрлан Жахин – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы

– Мемлекеттік сатып алудағы қылмыстарды немесе құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында департаментте жеке бөлім ашылған. Бұл бөлім мемлекеттік сатып алудың веб порталына мониторинг жүргізген. Оның қорытындысы бойынша 128 млн теңгені құрайтын негізсіз конкурстардың жұмысы тоқтатылды.

Бармақ басты көз қыстылыққа енді жол берілмейді деп отыр департаменттегілер. Бұдан былай мамандар барлық мемлекеттік мекемелерді қадағалауға алмақ. Ол үшін департаменттің бастамасымен 28-ші қаңтар күні ведмствоаралық топ құрылды.

Нұрлан Жахин – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті бөлім басшысы

 

– Қазіргі уақытта бұл топтың негізгі жұмыс жоспары бекітілуде. Көптеген мемлекеттік органдардан, кәсіпкерлерден белгілікті мәселелер жинақталып, топтастырылуда. Соның арқасында біз қадаммен жүретін жоспарлар бекітіледі.

Қазіргі таңда Агенттікте жүйелік сараптап-болжау орталығы жұмыс істейді. Ол жемқорлықты бастапқы сатысынан анықтауға септігін тигізетін көрінеді.

Риат Шони.