МТРА жаңалықтары

Коммуналдық қызметті уақытылы төлеген 29 азамат сыйлық алды

Константин Кубрак,

– Күтпеген жерден осы кәсіпорынның қызметкерлері біздің үйге қоңырау шалды. Сөйтіп, ұтыс ойынында автоматтандырылған кір жуатын машинаны жеңіп алғанымызды айтты. Өте қуанып кеттік. Үйдегі аталған техника ескі болатын. Жаңасына ауыстырғымыз келген. Енді ақша кетіріп шығынданып жатпаймыз.

Қызылжар судың сыйлығына ие болғандардың қатарында Халима Артықбаева да бар. Нәзікжанды барлық коммуналдық қызметті уақтылы және артығымен төлеп отырамыз дейді.

Халима Артықбаева

– Бүгін біздің жанұяға үтік сыйлады. Өте қуаныштымыз. Күтпеген сый болды.

Ұтыс ойынында бағы жанған солтүстікқазақстандықтардың қуанышында шек жоқ. Жалпы бұл жолғы жүлде қоры 300 мың теңгені құрапты.

Ержан Баженов, “Қызылжар су” ЖШС қаржы директоры

– Бұл ұтыс ойынын өткізудегі мақсатымыз – тұтынушыларды кәсіпорынның қызметтерін уақытылы төлеп отыруға ынталандыру. Алдағы уақытта бұндай акцияны жиі өткізбекпіз. Сондықтан коммуналдық қызметті уақытылы өтеп жатқан абонентердің осындай сыйлықтарға ие болу мүмкіндігі бар.

Бүгінгі күні Қызылжар су кәсіпорнының 90 мыңнан астам тұтынушысы бар.

 

Ахметова Бану.