Қылмыс

Есірткі сатумен айналысып келген екі қылмыскер құрықталды

Тәртіп сақшылары Петропавл қаласының 57 жасар тұрғынын есірткі затын сатып жатқан жерінде құрықтады. Полицейлер бұған дейін күдіктіні бірнеше ай бойы барлап келген. Қылмыскер облыс орталығындағы тротуарларды қардан тазалап жүріп, наша саудалаған.

Қабира Мұхамбетова – СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының инспекторы.

– Арнайы жүргізілген жедел іздестіру шарасы аясында полицейлер есірткі заттарын саудалап келген 1958 жылы туған Петропавл қаласының тұрғынын барлады. Бұл азамат бұрын да осы іспен айналысып, сотталғандығы анықталды.

Ал есірткі сатумен кәсіп еткен екінші күдіктіні тәртіп сақшылары өз пәтерінде қолға түсірді. Үйді тінту барысында 30 жасар азаматтан 23 пакетке жеке-жеке салынған жалпы салмағы 9 грам герион заты табылды. Айта кету қажет қылмыскердің қарындасы да есірткі сатумен айналысқаны үшін осыдан бірнеше жыл бұрын 12 жылға бас бостандығынан айырылған екен.

– я наркоман, просто употреблял, все.

Қазіргі таңда екі азамат та қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Диана Смагұлова – Петропавл қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің аға жедел уәкілі.

– Қазір соңғы факті бойынша күдіктің үстінен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-ші бабының 3 бөліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, айыпты 10 жылдан 15-жылға дейін қамауға алынуы ықтимал. Мұнымен қоса азаматтың дүние мүлкі де тәркіленетін болады.

Жалпы жыл басынан бері облыс орталығында есірткі бизнесімен айналысып келген жеті күдікті қол түсті. Айналымнан 1 келі есірткі, 30 грамнан астам герион заты тәркіленді.

Джакупов Самат..