МТРА жаңалықтары

Халыққа қызмет көрсететін орталықтар нұротандықтардың бақылауында

Сергей Гутник, жүргізуші

– Мұнда таңғы 8-ден келіп, кезегімді 3 сағат бойы тосып тұрмын. Мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына өз меншігімді есептен шығару үшін келдім. Алда мына көлігімді сатамын.

Агрегатты салыстыру бекетіндегі криминалистер күніне 250-300-ге тарта жеңіл, жүк көліктерін тексерістен өткізеді. 8 машинаны бекітілген стандарт бойынша 10-15 минуттың ішінде тексеріп шығады.

Евгений Зубков, Мамандандырылған ХҚКО-ның жетекшісі

– Көлікті тұлғаның атына рәсімдеу үшін 20 минут кетеді. Құжатты дайындауға 2 сағаттан астам уақыт жұмсалады. Сондай-ақ, мұнда біз қызметкерлердің жұмысын бейнебақылау камералары арқылы үнемі қадағалап отырамыз. Осылайша, олардың клиентерге көрсетіп жатқан қызмет сапасын бақылауға болады.

Бұдан кейін партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында ұсынылатын қызмет түрлерінің сапалы орындалуын бақылады. Нәтижесінде бірқатар олқылықтар табылды. Мысалы, психиатр, нарколог дәрігерлер жұмысына 1 сағат кешігіп келді.

Ақжүніс Мұсырман, “Нұр Отан” партиясы СҚОФ жанындағы партиялық бақылау инспекторы

– Медициналық қызметкерлердің сенбі күні жұмыс істемейтіндігі анық болып отыр. Бұл орталық сенбі, жексенбі жұмыс істейді. Сондықтан медициналық қызметкерлердің жұмысын сенбі күні жарты күнге ұлғайтпақшымыз.

Осы жерде жүргізуші куәлігінің берілу тәртібі, көлікті тізгіндегендер емтиханды қалай тапсыратындығы іс жүзінде тексерілді.

Ақжүніс Мұсырман, “Нұр Отан” партиясы СҚОФ жанындағы партиялық бақылау инспекторы

– Мұнда әскери комиссариат мамандары да халыққа қызмет көрсету керек еді. Бірақ олар орнында болмай шықты. Олармен әлі де келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Рейд барысында табылған олқылықтарды партия өкілдері
мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының әкімшілігіне тез арада түзетуді тапсырды.

 

Берик Касен.