Без категории

Тыл еңбеккері Лидия Орлова 90 жасқа толды

Лидия Орлова, тыл еңбеккері

– 1941 жылы бізді эвакуациялады. Сол жылы Ростов облысынан Қазақсатанның Ақтөбе өңіріне бір отар қойды жаяу айдап апардық. Оған 3 жарым ай кетті. Содан кейін Петропавлға келдім. Қазақстан бізді кеудемізден итерген жоқ. Керісінше, өз баласындай, жағдай жасады. Оған алғысым шексіз. Менің отаным Қазақстан екенін бүгінгі күні мақтанышпен айта аламын.

Біздің облысқа келген соң, бастапқыда агроном болып жұмыс істеп, бұл қызметтен облыстық атқару комитетінің орынбасарына дейін көтерілген. Жалпы еңбек өтілі 33 жыл. Тыл еңбеккері бүгін өзінің 90 жасқа толған туған күнін атап өтуде. Кейуананы мерейтойымен өңір басшысының атынан орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.

Анархан Дүйсенова, СҚО әкімінің орынбасары

– Уважаемая Лидия Николаевна. Примите искренние поздравления в связи с 90-летием со дня рождения. За вашими плечами непростой, заполненный значительными событиями, полезными делами жизненный путь. Вы – ветеран труда, труженик тыла, активист ветеранского движения.

Бұл күні Лидия Орлова қалалық және облыстық ардагерлер кеңесі өкілдерінің жылы лебіздерін қабылады. 7 жылдай агроном болып Мамлют ауданында еңбек еткендіктен, аталған ауданның әкімінің де сыйлығын алды. Бүгінгі Лидия Орлова екі қызынан 3 немере тағы осынша шөбере көріп отыр.

 

Ахметова Бану.