МТРА жаңалықтары

СҚО қар тазалайтын техника жетккізілді

Владимир Бубенко – Облыс әкімінің орынбасары.

– 29-30-шы қаңтар күндері облыстағы төрт бірдей ауданда төтенше жағдай жарияланды. Яғни ауыл-аймақатарға қатынайтын жолдар қар құрсауында қалды. Осыны ескеріп, облыс әкімі Ішкі істер министрлігіне үндеу жолдады. Үкіметтің шешімімен біздің өңірге қосымша 8 техника бөлінді. Бұл екі шнекоротор, үш бульдозер және тағы осынша автогрейдер. Қазір жағдай тұрақталды. Барлық бағыттағы жолдар қардан тазартылды.

Сегіз техниканың бесеуі Жамбыл, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын және Айыртау аудандарына жебірелді. Үшеуі Петропавл қаласында қалмақ. Яғни бұл көліктер төтенше жағдай департаменті маңынан құрылған жедел-әрекет ету жасағының балансында болады. Жалпы қыс мезгілінде облыста төтенше жағдайлар қызметінің мамандары 1500-нан астам адамға көмек көрсеткен екен.

Әсет Ысмағұлов – СҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы.

 

– 2014-2015 жылдың қыс мезгілінде 144 осындай оқиға орын алды. 485 көлік, 1500 адам құтқарылды. Олар дер кезінде жақын маңдағы жылыту пуктарына жеткізілді. Ешқандай зардап шеккен адамдар жоқ.

Айта кету қажет Солтүстік Қазақстан облысы бүгінгі күні автомобиль жолдарының ұзындығы бойынша республикада үшінші орын алады. Сондықтан, әсіресе қыс мезгілінде нақ осы жолдарды қардан тазалау жұмыстары басты назарда болмақ.

Джакупов Самат.