МТРА жаңалықтары

Қазақстандық жазушы, әдебиеттанушы Герольд Бельгер 81 жасқа қараған шағында дүниеден озды

Жұмаш Сейітбеков, Герольд Бельгердің досы, Оқу ағарту ісінің үздігі

– Бельгерлер әулеті 1941 жылы Ресейдің саратов облысынан Шал ақын ауданындағы бұрынғы Ленин, қазіргі Ибраев ауылына жер аударылды. Содан ауылдың басқарушылары 4 бөлмелі үйді босаттырып, оларды сонда тұрғызды. Әкесі фелдшер болды. 10 елді-мекеннің халқын велосипедпен жүріп аралайтын. Өтте еңбекқор, жапакершіліг мол жан болатын.

Герольд Бельгер мектепте өз қартарластарының алды болды. Тіпті орта мектепті алтын медальмен бітірген екен.

Жұмаш Сейітбеков, Герольд Бельгердің досы, Оқу ағарту ісінің үздігі

– 1-сыныптан 10-сыныпқа дейін қазақша оқып, мектепті алтын медальға бітірді. Енді Алматыға барып еді, оны жер аударылған босқынсың деп ЖОО-на алмай қойды. Содан оны таныстары кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллинмен жолықтырады. Жауынгер жерлесімізді Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық институтына оқуға түсіреді. Герольд Бельгер оны да алтын медальмен тәмамдап шығады.

Жұмаш Сейітбеков Герольд Бельгердің ұлты неміс болғанымен, бар болмысы қазаққа ұқсайтын дейді.

Жұмаш Сейітбеков, Герольд Бельгердің досы, Оқу ағарту ісінің үздігі

– Ол мен дейді жасымнан келдім, қазақ арасында болдым. Қазақ халқы сондай озат, текті, қонақжай халық деді. Адамдарды сыйлай біледі деп соны айтты. Ылғи екі сөзінің бірі өскен ортасы бұрынғы Сергеевка ауданына қарасты Ленин селосы жайында болатын. Оның мінезі тік еді.

Герольд Бельгер 80 жылдық саналы ғұмырында 60-қа тарта кітап жазып қалдырды. Қазір соның тең жартысы С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана сөрелерінде жайғасқан. Жерлесіміздің әдеби шығармалары дүние жүзі бойынша кеңінен танымал.

Майра Әшімова, С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім жетекшісі

– Жеке шығармашылықпен 1964 жылдан бастап айналыса бастайды. Ол бірнеше кітаптарды авторы. көптеген роман, повесть, эсссе, әңгімелері бар. Ғ. Мүсірепов, Ә. Кекілбаев, Әбдіжамал Нүрпейісовтың және т,б көптеген авторлардың шығармаларын орыс, неміс телдеріне аударған.

Қазақ классиктерінің шығармаларын әлемге танытқан Герольд Бельгердің еңбегін өз ұлты да бағалайды бүгінде.

Майра Әшімова, С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім жетекшісі

– Шал ақын ауданындағы көктерек ауылының тумасы Жарасбай нұрқановтың Герольд Бельгердің 70 жылдығына арнап шығарған өлеңінен үзінді:

Қашан қайда жүрсең де серігің ой,
Үлкен ойлар желісі үзілмеді.
Небір ғажап кітаптың әсері ғой,
Ақыл-сана нышаны жүзіңдегі.

Сенің үнің естіліп елге тегіс,
Ізгі сәулең тарайды жан-жағыңа.
Көп қазақтың ішінде жалғыз неміс,
Барша жұрттың айналдың ардағына.

Өмірдің ағынымен жан-жаққа кеткен жан достар арадағы байланысын үзбей 25 жыл бойы хат алмасып тұрған. Елге танымал қаламгер 2013 жылы жазған соңғы хабарында жүрегі сыр беріп жүргенін айтқан.

Жұмаш Сейітбеков, Герольд Бельгердің досы, Оқу ағарту ісінің үздігі

– Бүгінгі күндерде ептеп денсаулығым жақсарды дейді. Екі жақсылық хабарым бар дейді. Қарашаның 19-ы опера театрында маған “Алтын адам”, “Человек года” деген сыйлығын тапсырды дейді. Бұл оның маған 2013 жылы жазған соңғы хаты болатын.

СҚО-ның құрметті азаматы – Герольд Бельгер ақпанның 7-сі 81 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Бірақ, ол саналы ғұмырында мол еңбек жазып, артына өшпес мұра қалдырды. Герольд Бельгердің бір қызы бар. Ол қазір Мәскеуде тұрады.

Берик Касен.