Құқық қорғау органдары

Ардагерлер облыс орталығындағы мәдени ошақтарды аралады

Дөкенбай Осипов, Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің арадагері

– Бұл жерде полиция мен милиция тарихы, бүгінгі тыныс тіршілігі мен болашағы айқын бейнеленген. Мұражай өскелең жастарға оның ішінде біздің жолымызды басып келе жатқан жас полиция қызметкерлеріне үлкен көмек болмақ. Мен мұнда алғашқы рет болдым, десе де маған бәрі ұнап жатыр. Жақсы безендірілген сөрелер, экспонаттар көздің жауын алады. Осындай жерге бізді әкеліп, бізге көрме ұйымдастырып жатқандарыңызға үлкен алғыс білдіремін

Полиция ардагерлері тарихтан сыр шертер жәдігерлерді көріп, жаңа ақпараттар мен деректерге қанық болды. Олардың назарына фото суреттер мен тәртіп сақшыларының қолданған жеке заттары ұсынылды.

Дәулет Мусин- Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары

-Біз өзіміздің аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелерін жинап, барлығы 33 ардагерге жолдама ұсындық. 11-і облыс орталығына саяхатқа баруға келісімдерін берді. Олардың көбі ішкі істер органдарында көптеген жылдар бойы жұмыс істегеніне қарамастан, департамент мұражайында бірде бір рет болмаған. Алдағы уақытта осындай шаралар өз жалғасын табатын болады.

Ішкі істер департаменті мұражайында болған ардагерлер сондай- ақ, жедел басқару орталығы, «Абылай хан резиденциясы» мен «Динамо» спорттық- дене шынықтыру кешенінде де болды. Жалпы Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында мұндай игі шаралар басқа да аудандардың ардагерлермен өткізілмек.

 

Магжан Ахмадина.