Денсаулық сақтау

№3-ші қалалық емханада “CALL-орталығы” жұмысын бастайды

Әлия Тәшетова – №3 қалалық емханасының бас дәрігері

– CALL-орталығының” телефоны 50-74-75. Осы телефон арқылы алдын-ала жазылуға болады. Содан кейін әкімшілікпен тікелей сөйлесуге болады. Не болмаса өзінің учаскелік дәрігеріне де хабарласа алады. Кеңес алуға мүмкіндік бар.

Қазір 6 оператор маман орталықтандырылған желімен жұмыс жасау жайын пысықтап жатыр. Бұл қызметке кіріспес бұрын мамандар Астана қаласында 2 апталық курстан өтсе керек.

Татьяна Кляцкая – №3 қалалық емхананың дәрігер-тіркеушісі

– Бағдарламамен жұмыс жасауды толықтай меңгеріп алдым. Еш қиындығы жоқ. Халыққа сапалы қызмет көрсетуге барымды саламын.

Қазіргі таңда азаматтарға бірінші медициналық-санитарлық көмек көрсету деңгейін арттыру жұмыстарына басымдық берілген. Айтар болсақ, халықпен байланыс орнату үшін “CALL-орталықтар” әр аурухана жанынан құрылуда. Жаңашылдықты естіген солтүстікқазақстандықтар аталмыш қызмет түрінің тұрғындар үшін пайдалы болатынына сенім білдірді.

– Баяғыдан-ақ осындай қызмет түрін енгізулері тиіс еді. Жаңашылдықтың арқасында қабылдауға жылдам жазылуға болады.

– Тиімді деп ойлаймын. Күшті, адамдарға да тиімді деп есептеймін.

Айта кету керек, бүгінде аталған ауруханада 62 мың 628 адам тіркеуде тұр. Күніне ақ халаттылар 500-ден астам науқасты қабылдайтын көрінеді. Өзгерістердің қаншалықты кәдеге жарайтыны уақыт еншісінде.

 

Бакыт Садуакасов.