Мәдениет

Жергілікті кітапхана жаңа баспалармен толықты

Майра Әшімова, С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім жетекшісі

– Мәңгілік ел «Ғасырға бергісіз жылдар» атты Н.Ә.Назарбаевтың кітабында Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері баяндалады. Кітап 3 тарау, бірнеше бөлімнен тұрады. Әр бөлімінде мемлекет пен қоғамның, экономиканың, әлеуметтік саланың, ішкі және сыртқы саясаттың табысты дамуы туралы баяндалады.

Бұдан өзге кітапхана қоры мәдениет, спорт, тарих, саясат, дін тақырыбындағы сан түрлі жинақтармен толықты. Сәйкесінше, көпшілікке түрлі жанрдағы кітапты таңдап алып оқуына мол мүмкіндік бар. Таңат Сүгірбаев осы мекеменің 8 жыл бойы тұрақты оқырманы. Ол бүгін даңқты боксшы, КСРО чемпионатының 2 дүркін күміс жүлдегері, Азия-Африка ойындарының жеңімпазы, Қазақстанның 10 мәрте жеңімпазы болған Әбдісалан Нұрмаханов туралы жинақты үйіне алып оқымақшы. Бұл еңбекте атақты былғары қолғап шебері Әбдісалан Нұрмахановтың шетел сапарларындағы жолжазбалары, өткізген жекпе-жектері жазылған. Жинақтың бокс бапкерлері мен спортшылар үшін берері мол көрінеді.

Таңат Сүгірбаев, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі

– Кітаптарды тізіп шығады. Жинақтарды пирибивкада көрсету.

Жалпы бүгінде қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің 3000 артық оқырманы бар. Дені студенттер мен оқушылар. Сондай-ақ, бұл басылымдарды бизнесмендер, дәрігерлер мен түрлі саланың мамандары келіп жаздыртып алады.

Берик Касен.