Аптадағы маңызды жаңалықтар

Шаруаларға көрсетілетін мемлекет қолдауы қатаң қадағаланады

Нияз Ыбыраев- «Қазақстан фермерлер одағы» СҚОФ төрағасы

– Біздің шаруалар несие алу үшін, субсидия алу үшін кепілзат қою қажет. Сол уақытта кәсібін жаңа ашқан фермерлердің қаржысы жетпейді.

Мемлекеттен көрсетілетін қолдаудың фермерлерге дұрыс, әрі уақытылы жетуін енді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары да қадағаламақ. Облысымыздың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездескен департамент қызметкерлері бармақ басты, көз қыстылықтың тамырына балта шабу қажет деді.

Шыңғыс Қабдула – Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы

– Өңірде 4 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі бар. Солардың барлығы субсидия, жеңілдетілген жанар-жағармай алулары қажет. Бірақ олардың көбінен кей шаруалар шет қалып жататын көрінеді. Енді біздің мақсатымыз сол қолдаулардың аграрийлерге уақытылы жетуін қадағалау, яғни жемқорлық фактілерінің алдын алу болып табылады.

Жиын барысында жиналған шаруалар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Кейін екі жақ өзара әріптестік жөнінде келісім жасасты.

Магжан Ахмадина.