Спорт

Петропавлда қазақ күресінен облыс біріншілігі өтті

Нұрлыбек Балтабай – Шал ақын ауданы

– Қарсыласым мықты болды. Онымен күресу маған қиынға соқты. Дегенмен, жаттықтырушыларымның маған айтқан әдістерінің арқасында жеңдім деп ойлаймын. Алдағы мақсатым – республикаға жетіп, чемпион болу.

Ал 57 келідегі балуандардың кездесуі өзгелерінен гөрі тартыстың ұзақтығымен ерекшеленді. Бірі Петропавлдық болса, қарсыласы Шал ақын ауданынан келген. Бұл жолы да шалақындық балуанның мысы басым түсіп, ол қала спортшысын айла-тәсілді орынды қолданып жеңді.

Жандос Алтаев – Шал ақын ауданы

– Мен осы жарысқа екі апта дайындалдым. Көп техниканы үйрендім. Қарсыласымның бойы сәл ұзындау болды. Оны арқа кіріп лақтырдым, таза түсті.

Жалпы соңғы жылдары облыста ұлттық спорт түрлері, оның ішінде қазақ күресімен айналысамын деген балаларға бар жағдай жасалып келеді.

Руслан Сарсенбаев – балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыс жөніндегі облыстық дене шынықтыру-спорт орталығы директорының орынбасары

– Қазірде облыс әкімі Ерік Сұлтановтың қолдауымен ұлттық спорт мектебіне осындай зал беріліп жатыр. Қазақ күресінің деңгейі жаңа-жаңа көтеріліп келе жатыр. Мына ұлттық күресті көтеру, ұлттық спорт түрлерін тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі болсын, осыларға үлкен қолдау жасалып жатыр.

Аталмыш турнирде бірінші орынға қол жеткізген палуандар наурыз айында қазақ күресінен Тараз қаласында өтетін ел чемпионатына қатысады.

 

 

Бакыт Садуакасов.