МТРА жаңалықтары

Петропавл қаласының әкімі Марат Тасмағанбетовтың халық алдындағы 4-ші есептік-кездесуі өтті

Марат Тасмағанбетов, Петропавл қаласының әкімі 5198

– Пушкина мен Комсомол көшесінің шекарасында орналасқан Ватутина көшесіндегі жолды тегістеу ағымдағы жылдың жазында қолға алынады. Жалпы бұндай шаруаға қалалық бюджеттен 200 млн. теңгеге дейін қаражат қаралып жатыр.

Бұдан кейін, есетптік-кездесуге өз проблемалары шешіледі деген үмітпен келген халық, кезекке тұрып сауалдарын жолдай бастады. Мәселен, Заречный кентінің тұрғындарын үйдің ауласында балалар алаңқайларының жоқтығы алаңдатады. Бұл мәселе алдағы уақытта шешіледі деді шаһар басшысы Марат Тасмағанбетов. Олқылықтың орнын толтыру үшін қалалық қазынадан 20 млн теңге бөлініпті. Жиналған халық бұдан да өзге шаруаны да сөз етті.

Татьяна Аубакирова

– Біздің жеке сектордағы үйімізді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мамандары 80 пайыз апаттық деп шешкен болатын. Екі жыл бойы жаңбырдың салдарынан 3 рет су астында қалдық. Үй көгеріп кетеді, балалар жиі ауырады. Баспанам апатты деп танылған соң, үй кезегінде тұрмын. Кезегім жылжитын емес, өзгеріп тұрады. Осы мәселені шешіп беруіңізді сұраймын.

– 2014 жылы 10 үй апаттық жағдайда деп танылды. Бұл орайда арнайы бағдарлама бар. Мәселені шешуді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне тапсырамын.


Бұдан кейін, қала әкіміне Былғары зауыты кентін орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу, аталған кентке балабақша салу, қар тазалауға байланысты сауалдар да жолданды.
Екі сағатқа созылған есептік кездесуден петропавлдықтар көтеріңкі көңілмен шықты. Олар өз проблемаларының алдағы уақытта шешілетіне сенімді.

– Қуантарлығы өткен жылы қыруар шаруа атқарылған. Көшелер жөнделіп, балабақша салынып, қала абаттандырылуда. Кездесуде көтерілген сұрақтарды шаһар басшысы жіті тыңдап, оларды назарына алуда.

– Кездесу өте жақсы өтті. Әкімге жолданған сауалдардың бәріне халық жауап ала алды. Мұнда көтерілген проблемалардың шешілетініне сенімім мол.

Марат Тасмағанбетовтың халық алдындағы соңғы есептік-кездесуі ақпанның 10-ы өтпек.

 

 

Ахметова Бану.