Денсаулық сақтау

Елатомдық құрылғылар зауытының кезекті көрмесі өтеді

Николай Толкачев – қала тұрғыны

– Бұрындары жиі аяқ-қолым сыздап, белім ауыратын. Тіпті қант диабетіне де шалдықтым. 2005 жылы қазіргі алмагтың ең алғашқы үлгісін сатып алып, қолданғанмын. Әсері бірден байқалды. Ал кейін “Алмаг 01” аппаратына тапсырыс беріп, алдырттым. Күніне екі рет қолданамын. Нәтижесі 1 аптаның ішінде байқалды. Қазір жағдайым әлдеқайда жақсарды.

Қазіргі таңда “Үй дәрігері” сериясымен шығатын “Алмаг 01” аппараты – сырқатынан айыққысы келетін тұрғындардың жоғары сұранысына ие. Ол адам ағзасына төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді.

Наталья Толкачева – “Еламед-KZ” ЖШС штаттан тыс қызметкері

– “Алмаг” құрылғысының адамның ағзасына тигізер әсері мол. Бұл құрал жүрек-қантамырлар жүйесін, тамыр кеңеюі, невралгия, басқа да қауіпті аурулардың алдын-алуға және емдеуге септеседі.

Сондай-ақ, көптеген сырқаттарды үй жағдайында емдеп, алдын алу үшін қолданылатын енді бір медициналық жабдықтардың қатарында “Унилор-01” бар. Аталған құрылғы құлақ, тыныс алу жүйелері ауруларын емдеуде қолдануға болады.

Вера Толгачева – “Еламед-KZ” ЖШС штаттан тыс қызметкері

– “Унилор-01” аппараты – мұрын, құлақ, маңдай сияқты көптеген мүшелерді жылыту үшін қолдануға болады. Оған қоса бұл құрылғының қызыл сәулелері – ангина, бел, буын, тыныс алу ауруларына шалдыққанда шипалы.

Елатомдық құрылғылар зауытының кезекті медициналық көрмесі ақпанның 10-ы мен 13-і аралығында өтеді. Онда жерлестеріміз физиотерапевтік аппараттарды “Қазақстан Конституциясы, 2” мекен-жайындағы “Сердечная” дәріханасынан 20 пайыздық жеңілдікпен сатып ала алады.Анықтама телефоны – 46-35-12.

 

 

Бакыт Садуакасов.