Балалар

Бүлдіршіндер арасындағы қыс мезгіліне арналған фотоконкурстың қорытындысы шығарылды

Нина Титарь, Алинаның анасы

– Бұл біз қатысқан үшінші байқау. Бұған дейінгі әлеуметтік желілерде жарияланған сайыстарда бірінші және екінші орындарды алдық. Бұл жолы да жеңіске жеткеніме қуаныштымын.

Фотобайқауға барлығы 12 бүлдіршін қатысты. Олардың ешқайсысы сыйлықсыз қалмады.

Галина Бондаренко, “Улыбка” ҚҚ президенті

– Мен біздің демеушіміз – “Нептун” аквапаркіне алғысымды айтамын. Олар байқаудың жеңімпаздарына арнап, абонемент карталарын берді. Енді жеңімпаздар кез-келген уақытта аквапарке бара алады. Және біздің қор да өз сыйлығын жасады.

Марапаттау шарасынан соң балаларға мерекелік бағдарлама ұсынылды. Олар сайқы-мазақпен танымдық ойындарға қатысып, мәз-мейрам болды.

Сонымен қатар бұл күні балалар шар, сабынның көпіршіктерін үрлеп, көңілдерін көтерді.

 

Ахметова Бану.