Білім

Білім беру саласында халықаралық келісім жасалды

Николай Ухов- Петропавл құрылыс- экономикалық колледжінің директоры

 

– Біз дуалды оқыту жүйесін енгізіп, сол бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Оны әрі қарай дамыту да біздің мақсатымыз. Сондықтан Белорусиямен жасалған келісімнің арқасында біз студенттерге сапалы теориялық білімді ғана беріп қоймай, олардың тәжірбиесін де шыңдауға мүмкіндік алып отырмыз.

Оның аясында екіжақ бірігіп әдістемелік құралдар шығарып, оқытушыларды қайта даярлау курстарына жібермек.

Валерий Хасин- ТМД елдеріндегі кәсіптік- техникалық және орта арнаулы білімі жөніндегі базалық ұйымның атқарушы директоры

– Қазір Бүкіләлемдік банк Институцианалды даму жоспары атты жобаны жүзеге асырып жатыр. Біз сол бағдарламаға кеңес беретін ұйым ретінде қатысып жатырмыз. Соның аясында біз оқу орындарына әдістемелік қамсыздандыру, тәжірбиеден өткізу сынды көмегімізді көрсетеміз. Бұл салада көп жылдан бері жүргендіктен, кәсіптік-техникалық білім беру саласында еңбек ететін 300-ден астам қазақстандық оқытушыны қайта даярлау курстарынан өткіздік. Жасалған келісім негізінде ол тегін жүргізіледі. Сондықтан оқу орындары үшін ол үлкен мүмкіндік.

Бүгіндері Петропавл құрылыс- экономикалық колледжінде 1000- нан астам студент білім алуда.

 

Магжан Ахмадина.