Аптадағы маңызды жаңалықтар

Түрлі ұлт өкілдері Қазақстан халқы ассамблеясы жылын тойлауды бастап кетті

Ерік Сұлтанов – СҚО Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Осыдан 20 жыл бұрын, 1995 жылдың 1-ші наурызында біхдің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға арналған бірегей институт – Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы жарлыққа қол қойдым. Осы уақыт аралығында Ассамблея шынайы түрде жалпыхалықтық, азаматтық ұйым ретінде танылды. Сондықтан Ассамблея жылы -17 миллион қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Мен барлық Қазақстандықтарды ассамблея жылының басталуымен құттықтаймын. Егемендік, бірлік пен келісім рухы болашаққа деген сенімді арттырып, күш-қуатымызды еселесін.

Көк туымыз бейбітшілік көгінде желбіреп тұрғанына биыл 24 жыл толады. Осы уақыт аралығында татулықпен келісімді, тұрақтылықпен ынтымақтастықты сақтауда этномәдени бірлестіктер сүбелі үлес қосты. Бүгінгі бейбіт өмір соның жеңісімен жемісі екені сөзсіз.

Рашид Надиров – «Барбанг» күрдтер этно-мәдени орталығының төрағасы.

– Біздің мәдени орталығымыз 20 жылдық мерейтойға орай, қазақша, орысша, күрдше арнайы аударма сөздік шығарып жатырмыз. сол жастарға үлкен бір көмек болады деп ойлаймын. Мейрамдарымыз құтты болсын.

Елбасы асқақтатқан Қазақ елі бүгінгі күні достықтың бекем ордасына айынала білді. Яғни өзге мемлекеттер Қазақстанға қазір қызыға да таңдана қарайды. Дәл осы бірлікті сақтап қалу кейнгі толқынның қолында. Шара барысында жастар татулықтың туын берік ұстайтынындарын білдірді.

Ирина Тухватулина – №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің мұғалімі.

– Біздің Ұлы жерлесіміз Мағжан Жұмабаевкезінде былай айтқан болатын: “Бір ұлттық тілінде сол ұлттың жері, тарихы тұрмысы, мінезі көрініп тұрады”. Сондықтан біз жастар Елбасын қолдаймыз. Елімізде әрқашан бейбітшілік болсын. Мерекелеріңізбен!

Шынарай Жұмабекова -М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.

– Бұл мерекені Қазақстанның барлық түкпір-түкпірінде тойлауда. Соның бірі бізде Петропавл жастары болып, ат салысып жатырмыз. Мен бауырлас қандастарымызға бейбітшілік, ынтымақ, татулық тілеймін. Еліміз, Елбасымыз аман болсын. Осының бәрі сол кісінің арқасы деп білемін.

Салтанатты шара барысында Қазақстан халқы ассамблеясының жалауы көтерілді. Оны Ұлы Отан соғысының ардагері-Василий Турашев, облыстың құрметті азаматы – Жамбыл Тасеменов, Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары – Муса Дадаев және Қазақстан Республикасының жеңіл атлетикадан ұлттық құрамасының мүшесі Маргарита Мұқашева көкке желбіретті.

Жамбыл Тасеменов – Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

– Бүгінгі қуанышты күн. Мен сол басталудың туын көтердім. Мыңда бір рахмет айтамын, халқыма, еліме. Осы бейбітшілігіміз жасай берсін. Еліміз көркендей берсін. Қазақ елінің аты шыға берсін.

Ассамблея жалауынан соң, студенттер аспанға шарлар ұшырып, «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» атты флешмоб ұйымдастырды.

Бұдан соң салтанатты шара университеттің акты залында жалғасын тапты. Қазақстан халқы ассамблеясы жылының басталуымен “20 игі іс” акциясы шеңберінде республика көлемінде бірнеше байқау жарияланды. Кейін сахна төрінде түрлі ұлт өкілдері жиналғандарға өздерінің өнерлерін көрсетті.

Айта кету қажет мерекелік концерттік бағдарлама 2 сағатқа жалғасты.

Джакупов Самат.