Билік

Өңір прокурорлары 2014 жылды қорытындылады

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

– Азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғау – прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі. Оларға мемлекет қабылдап жатқан экономикалық шаралардың заңдылығын қамтамасыз ету жүктелген.

2014 жылы қадағалаушы орган өкілдері 773 тексеріс жүргізген. Оның қорытындысы бойынша 19 615 заңбұзушылық анықталыпты. Сөйтіп, 1200-ге жуық тұлға жауапкершілікке тартылды. 14-нің үстінен қылмыстық іс қозғалса, оның 6-уы сыбайлас жемқорлыққа қатысты болған.

Степан Зайтлер, СҚО прокуроры

– Жемқорлыққа жол берген 61 азаматқа қатысты тиісті жаза қолданылды. Алдағы уақытта 2015 жылға индустриаландыру картасына бөліген 6,6 млрд теңгенің тиімді жұмсалуын басты назарға алмақпыз. Туберкулез аураларының таралуынан облысымыз ел көлемінде үшінші орында тұр. Бұл фактіні сараптап, себептерін тексеріп анықтайтын боламыз. Ауыл шаруышылығы, жерді тиімді пайдалану да басты назарда.

Облыста өткен жылы 9715 қылмыс тіркелген. Қарақшылық шабуыл, бопсалау, бөтеннің мүлкін ұрлау фактілері артқан. Прокурорлар қоғамдық орындарда, көшеде, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы заң бұзушылықтар азайды деп отыр.

Асхат Ауқатов, облыс прокуратурасы 1-ші басқармасының бастығы

– Қадағалаушы орган өкілдерінің араласуымен 12 мыңнан аса кәмілеттік жасқа толмаған жеткіншектің құқығы қорғалды. кәсіпкерлік палатасымен де қоян қолтық жұмыс жасадық. Нәтижесінде 113 бизнес субъектілерінің, 10 -мыңнан астам еңбек адамының құқықтары қорғалды.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуын бақылаудың өзектілігін айтты. Оған қадағалушы орган өкілдері аса үлкен жауапкершілік танытулары керек.

Ахметова Бану.