МТРА жаңалықтары

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына дайындық

Марат Тасмағанбетов, Петропавл қаласының әкімі

– Облыс әкімі жеңіс саябағына күрделі жөндеу жұмыстарын қолға алуды жүктеді. Қазір облыстық және қалалық ардагерлер кеңісінің көмегімен қайта қалпына келтіруге қатысты шаралар атқарылуда. Ең алдымен, Даңқ аллеясын орнату қажет. Онда кеңес одағының батыры атағын алған 66 солтүстікқазақстандықтың есімдері жазылмақ. Және “Петропавловск. Фронт и тыл” кітапбы шығарылады.

Әрине жоспар ауқымды, атқарылатын шаруа жетерлік. Оған қыруар қаражат керек. Осыған байланысты қалалық ардагерлер кеңесі арнайы шот ашқан. Қазіргі күні оған 2 млн. теңге түскен. Бұл қаражат жоспарланған жұмыстар мен мекенжайлық көмек көрсетуге жұмсалмақ.

Сара Тасеманова, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы

– Арнайы шотқа түскен ақша аз. Сондықтан әлі қаражат керек.

Биылғы жылы қаламыздағы екі көшеге Кеңес одағының батырлары – Ысқақ Ыбраев пен Жалел Қизатовтың есімдері берілмек. Сонымен қатар, тыл еңбеккерлеріне қалалық және облыстық бюджеттен әлеуметтік көмек көрсетілетін болады. Мәселен Ұлы отан соғысының ардагерлеріне 298 200 теңге берілмек.

Елена Балло, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары

– Ерен еңбегі үшін наградталғандар 74550 теңге алады. Жалпы, материалдық көмек әр түрлі категориядағы 6900 азаматқа көрсетіледі. Түрлі қазынадан бөлінген қаражат 250 млн. теңгені құрайды. Ұлы жеңісті тойлауда “Даңқ аллеясының” ашылуы ерекше оқиға болмақ.

Қалалық мәслихаттың депутаттары мен кәсіпкерлер де ардагерлерге көмек көрсетуде аянып қалып жатқан жоқ.

Виктор Ли, “Су-808” ЖШС директоры

 

– Мен депутат және басшы ретінде қаламыздың тұрғындарын Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлауда көмек қолдарын созуға шақырамын. Өйткені, осы ардагерлердің арқасында біз бейбітшілікте өмір сүріп жатырмыз. Оларға жәрдем жасау – біздің міндетіміз.

Шаһар басшысының төрағалық етуімен өткен жиынға қалалық депуттар, ардагерлер кеңесі, кәсіпкерлер қатысты. Ал жалпы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге арналған 60-тан аса мерекелік іс-шара өткізу жоспарланған.

Ахметова Бану.