Ауыл шаруашылығы

Ірі қара мал етінің экспортын арттыру

Ярослав Павельчук – “Житница” ЖШС директоры, Мамлют ауданы

– Елімізде етті бағыттағы ірі қара малды өсіретін қожалықтарға үлкен қолдау көрсетілуде. Сондықтан біз бұл бағдарламадан шет қалмай, қатысуға ниет таныттық. Болашақта ата кәсіптің пайдасы молынан болатындығына кәміл сенемін.

Серіктестіктегілер ірі қара малды аталмыш аудандағы 2 шаруашылықтан алса керек. Ярослав Павельчук ауыл маңында бұрыннан қаңырап жатқан базды қайта жөндеп, ірі қара малды күтіп-баптауға лайықтандырған. Енді мұндағы сиырлар келер жылы бірінші төлін беріп, ал 2017 жылы ет саудаға шығарылмақ.

Ярослав Павельчук – “Житница” ЖШС директоры, Мамлют ауданы

– Қазіргі таңда сатып алынған ірі қара малдың жағдайы жақсы. Оларға арналған жем-азық қоры да жеткілікті. Оларды күтіп-қарайтын 3 жұмысшым бар. Жануарлар біздің өңірдің қатты аязы мен суығына бейімделген.

Шаруашылық басшысы алда мал басын арттыруды көздеп отыр. Ал оларға “ҚазАгроҚаржы” акционерлік қоғамы қолдау білдіруге әзір. Айта кеткен жөн, Мамлют ауданы бойынша асыл тұқымды репродукторды іске қосқан бұл осымен үшінші серіктестік. Жалпы аталған қаржы ұйымы арқылы өңірде 2011-2014 жылдар аралығында құны 2,7 миллиард теңгеге 40675 бас ірі қара мал сатып алынған. Ал үстіміздегі жылы облысымыздың 2 шаруа қожалығы асыл тұқымды ірі қара мал алуға өтініш білдіріпті.

 

 

Бакыт Садуакасов.