МТРА жаңалықтары

Кәріздік құдықтарға ағынды суларды төгуге болмайды

Роза Ишмаметова, қала тұрғыны

– Кәріздік құдықтарға қалдық суларды төгетіндер құдықтың ауызын ашық қалдырып жүр. Бұл осы жерден өткен ересектер мен баланың өміріне қауіп төндіруде.

“Қызылжар су” кәсіпорындағылар бұл жеке және заңды тұлғалардың ісі дейді. Негізі ағынды судың барлығы қала шетіндегі кәріздік құдықтарға емес, арнайы белгіленген орында төгілуі тиіс. Ол Мамлют тас жолы бойында орналасқан.

Осы мәселені шешу үшін “Қызылжар су” ЖШС ағынды суды тасымалдаушы жеке және заңды тұлғалармен бір жылға келісім-шартқа отырып жатыр. Бүгінде құжаттың 13-і дайын.

Арман Саутов, “Қызылжар су” ЖШС техникалық директоры

– Заң бойынша қала мен елді-мекендер төңірегін ластаған, жасыл өскіндерге зиян келтірген болса, ол тұлғаларға 20-дан 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынады. Егер тәртіп бұзушылық қайталанатын болса айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 3 есеге дейін өседі.

2014 жылдың желтоқсанынан осы күнге дейін 12 тұлға тәртіп бұзған. Қазір оларға қатысты материал қалалық ІІБ-сында қаралып жатыр. Бүгінде мынадай асенизаторлық көліктің 2 иесіне 39 640 теңгеден айыппұл салынған.

 

Берик Касен.