Денсаулық сақтау

2014 жылы 37 солтүстікқазақстандық жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсамақ болған

Павел Моисеев, СҚО “Психоневрологиялық диспансері” жанындағы суицидология бөлімінің психологі

– Бала болмашы ғана эмоциялық күйзеліске беріліп, ойланбастан шалыс қадамдар жасауға бейім тұрады. Сондықтан, оның қас-қабағын үнемі бақылап жүрген абзал. Әсіресе, бұл кеңеске ата-аналар мен педагогтар құлақ асқаны абзал.

СҚО Психоневрологиялық диспансер жанындағы мына суицидология бөлімі 2 жыл бұрын ашылған. Осы уақытта дәрігерлер бірқатар нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Айталық, былтыр өңірімізде ересектер мен жасөспірімдер арасында жасалатын суицид 30 %-ға төмендеді. 2014 жылы бұл орталықта жұмыс істейтін 4 білікті маман өзіне-өзі қол жұмсамақ болған 37 жасөспірімді сабасына түсірген.

Павел Моисеев, СҚО ” Психонерологиялық диспансері” жанындағы суицидология бөлімінің психологі

– Жыл басынан бері аудандар мен Петропавл қаласында мектеп оқушыларының ата-аналарына суицид жайлы 35 жиналыс өткіздік. Өткен жылы Шал ақын, Аққайың, Тимирязев барлығы 7 ауданға барып келдік. Онда мектеп әкімшілігі, психологтармен кездесіп, осы тақырыпқа қатысты кеңестер бердік.

Қазір психолог-дәрігерлер облыс орталығы мен аудандардағы білім ошақтарын аралап, жиірек мектеп әкімшілігімен кездесулер өткізуде. Оқушылармен, студентермен түрлі тренингтер ұйымдастырады. Осындай шаралардың арқасында жыл басынан бері күйзеліске ұшыраған 20 солтүстікқазақстандық мамандардың көмегіне жүгініпті.

Татьяна Яковлева, СҚО “Психонерологиялық диспансері” жанындағы суицидология бөлімінің психологі

– Біздің орталық таңғы 9-дан кешкі 17:00-ге дейін тұрғындарды аптасына 5 күн қабылдайды. Сондай-ақ, мұнда 49-32-41 сенім телефоны жұмыс істейді. Оған қоса, өмірден баз кешкендер 150 республикалық қауырт желісіне қоңырау шала алады. Ол тәулік бойы қызмет көрсетеді. Осындай психологиялық кеңес беру кабинеттері барлық емдеу мекемелерінде бар.

Суицидология бөлімінде пациенттерге тегін кеңес беріледі. Әрі олардың жеке басына қатысты мәліметтер құпия түрде сақталады.

Берик Касен.