Аптадағы маңызды жаңалықтар

ҚР Премьер- министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен СҚО келді.

Владимир Денисюк – «ПАМЖЗ» АҚ өндіріс бойынша басшысының орынбасары.

– Цехтағы мына желіні іске қосу үшін Финляндия компаниясының қондырғылары орнатылды. Барлығы соңғы технология бойынша жасалған. Мұндай желі Қазақстанда тек біреу ғана. Қазір біз кез-келген диаметрлі мембралды панельдерді өзіміз жасай береміз. Негізінен бұл құрылғылар жылу электр орталықтарында пайдаланылады.

Қазір зауытта 1200-ден астам адам қызмет етеді. Жаңа цех ашылысымен 45 адам еңбекпен қамтылған екен. Артем Чириков кәсіпорынға осыдан 5 жыл бұрын келген. Қазір өз ісінің маманы.

Артём Чириков – «ПАМЖЗ» АҚ темір ұстасы.

– Жұмысым өзіме ұнайды. Күніне 8 сағат еңбек етемін. Жалақымызды уақытылы алып тұрамыз.

Бұдан соң зауыт қабырғасында облыс орталығындағы кәсіпорын басшыларының қатысуымен арнайы жиын өтті. Кездесуді өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов ашты.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Әлемдегі экономикалық жағдай баршамызға белгілі. Елімізде осы кезеңде Елбасының жолдауының арқасында Ел экономикасының өсімін сақтау үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Әлемдік дағдарыс ел экономикасына да кері әсерін тигізбей қоймады. Осыған қатысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті жолдауында Үкіметке арнайы бағдарлама жасауды тапсырған болатын.

Бердібек Сапарбаев – ҚР Премьер Министрінің орынбасары.

– Мемлекет басышысы Нұрсұлтан Назарбаев былтыр екі жолдауын жариялады. Ондағы мақсат дүниежүзіндегі дағдарыс біздің экономикамызға , халықтың тұрмысына әсерін тигізбесін деген ойын жүзеге асыру болды. “Нұрлы жол- болашаққа бастар жол” бағдарламасы инфроқұұрылымдары дамыту арқылы экономиканың өсімін төмендетпей халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді.

Жиында өңір экономикасының дамуы жайында жиналғандарды облыс әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов құлағдар етті.

Ерлан Әукенов – Облыс әкімінің орынбасары.

– Облыста әкімдіктермен жұмыс берушілер және кәсіподақтар арасында байланыс тығыз орнатылған. Мәселен өткен жылы 1,5 мыңнан аса меморандумдармен 3,5 мыңнан аса ұжымдық келісімдер қабылданды. Экономикалық жағдайды есепке алғанда биыл да бұл жұмыстар жалғасады. Әсіресе жұмыс орындарын сақтап қалу мәселесіне айрықша көңіл бөлініп отыр. Қаңтар айында осы бағытта 32 мың адамды қамтыған 747 меморандумға қол қойылды. Яғни әкімдіктер, кәсіподақтар және кәсіпкерлер палатасымен үш жақсы келісім жасалды.

Биылдан бастап тоқырау кездері тоқтап қалған 14 кәсіпорынның тамырына қайта қан жүгірмек. Ал индустрияландыру картасының екінші 5 жылдығына енген жобалар жүзеге асса 500-ден астам жаңа жұмыс орны құрылмақ. Жиын барысында Петропавл ауыр машина жасау зауыты директоры Қуаныш Бишімов болашақ жоспарымен бөлісті. Биыл зауыт Үкімет қолдауының арқасында жеті жарым миллард теңгенің өнімін шығаруды жоспарлап отыр.

Қуаныш Бишімов – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры.

– Зауытта әлеуметтік пакет жыл сайын 260 миллон теңгеге жетіп отыр. Бұның ішінде оқыту, техникамен қамтамасыз ету, жас мамандардың тәжірбиесіне жұмысшылардың жалақысын көтеруге осы ақша жетіп отыр. 2015 жылы біз тағы 15-20 пайызға көбейтеміз. Яғни биылдан бастап 300 миллион теңгеден астам қаражат бөлінетін болады.

Бүгінгі күні зауыт дуалдық оқыту жүйесінің арқасында машина жасау колледжімен өзара әріптестік орнатқан. Бердібек Сапарбаев бұл жүйені қолдап, оң бағасын берді.

Бердібек Сапарбаев – ҚР Премьер Министрінің орынбасары.

– Жалпы болашақта машина жасау колледжін сіздің қарамағыңызға берсек, қалай болады. Яғни мамандарды өздеріңіз даярлайтын боласыздар. Былтыр 88 азамат сіздерде тәжірбиеден өткен екен. Зауыттарыңыз мұнай, қорғаныс салаларына қажетті қондырғыларды жасайды. Оның үстіне жылу электр орталықтарына да құрылғы шығара бастады. Негізінен мұндай құрылығыларды біз бұрын Алтай өлкесінен сатып алтынбыз. Қазір міне өзіміз жасаймыз. Мұның бәрі құптарлдық іс.

Жалпы облыстың әлеуметтік – экономикалық дамуы жаман емес. Мәселен соңғы жылдары мал шаруашылығы саласы қарқын ала бастағаны байқалады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Былтырғы жылы біз 23 мың ірі қара мал сатып алдық. Көрсеткіш 6 пайызға артты. Жылқы, қой, құс шаруашылықтары да қарқын ала бастады. Жалпы ауыл шаруашылығын дамытуға арналған алты бағдарламаның барлығы тиісті деңгейде жүзеге асты. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта жандандыруымыз қажет.

Жиын соңында облыстық әкімдікпен ұлттық компаниялар және өңірдің бірқатар кәсіпорындары арасында 14 миллард теңгенің 8 меморандумына қол қойылды. Маңызды құжатта жұмыс орындарының сақталуына баса назар аударылған.

Мұхит Мәженов – «ҚазМұнайГаз» – өңдеу және маркетинг» АҚ бас директорының орынбасары.

– Қазмұнайгаздың Павлодар, Атырау қалаларындағы мұнай өңдеу кәсіпорындары Петропавл ауыр машина жасау зауыты шығарған өнімдерді пайдаланады. Қазір біз Тығыз әріптестік орнаттық. Қайта жаңғыру жұмыстары да осы сіздердің зауыттарыңыздың арқасында жүзеге асады. Өткен апта да әкімдікпен келісімшарт жасалды. Яғни жыл соңында биохим зауытының жұмысын жандандыратын боламыз. Онда біз био этанол алуды жоспарлап отырмыз.

Людмила Воропаева – «Киров атындағы зауыт» АҚ кәсіподақ комитенің төрайымы.

– Меморандум тұрақтылықты көздейді. Қиын кезде Үкімет қолдау танытып жатыр. Яғни жұмысымыз алдағы уақытта тоқтап қалмайды. Оған негіз бар. Бүгінгі жасалған келісімшарттар соның айғағы.

Жиын соңында облыс әкімі Ерік Сұлтанов пен вице примьер министр Бердібек Сапарбаев бұл құжаттардың болашақта нәтиже беретіндігін тілге тиек етті.

 

Джакупов Самат.