Қоғам

«Тіл- татулық тірегі» атты байқау өтті

Екатерина Қалижанова- байқауға қатысушы, Жамбыл ауданы

– Озерный орта мектебінде хатшы болып еңбек етемін. Сондықтан түрлі құжаттарды орысшадан, қазақшаға және керісінше аударып тұрамын. Тілдерді білуім, жұмыста үлкен көмегін тигізуде. Қазақ тілін білу маңызды.

Ал байқаудың келесі қатысушысы әзірбайжан ұлтының өкілі. Ол елімізде тұратын кез келген адам мемлекеттік тілді білуі керек дейді.

Айгүл Уәлиева- байқауға қатысушы, Ғ.Мүсірепов ауданы

–  Қай елде тұрып жатсаң сол елдің тілін білу қажет. Мен қазақ елінде тұрып жатқандықтан осы қазақ тілін білу міндетім.

Жалпы байқауға Петропавл қаласы мен өңір аудандарынан барлығы 17 үміткер қатысуда. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында ұйымдасытырлған шара қатысушылары 4 кезеңді бағындырулары тиіс.

Дина Әбілмәжінова- «Қоғамдық келісім» МКМ басшысы

– Бұл байқауға 18 бен 30 аралығындағы жастар қатысып отыр. Оған қатысушылар ең алдымен өз-өзін таныстырып, презентация жасайды. Кейін қазақ тіліне деген өздерінің көзқарастарын білдірген эссе жазу. 3-ші турда олар бейнесюжеттер түсіріп тапсырды. Ал 4-ші кезеңде елімізде биыл болатын айтулы оқиғаларға қатысты сұрақтарға жауап береді.

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Ал бас жүлде иегерлері Елордамыз Астана қаласында өтетін сайыстың республикалық кезеңінде өңір намысын қорғамақ.

 

Магжан Ахмадина.