Ауыл шаруашылығы

“Сыбаға” бағдарламасымен ірі қараның саны артуда

Александр Петров, “Дурсунов” ЖК басқарушысы.

-Өткен жылы “Сыбаға” бағдарламасының талаптарымен танысып, несие рәсімдедік. Қарызға алынған сомманың 10 млн 800 мың теңгесіне ірі қара алсақ, қалған қаражатқа МТЗ 82 тракторын сатып алдық. Бағдарлама өте тиімді. 6 пайызбен несие берілді. Бірінші жылы қаражаттың пайызын төлемейміз. Екінші жылы тек процентті ғана өтесек, үшінші жылы негізгі қарызды қайтарамыз.

Шаруа қожалығында 7 техника бар. Ірі қаралардың қыстап шығуына жем-шөпте жеткілікті. Жеке кәсіпкер өткен жылы сиырлар асыл тұрқымды төл беру үшін, қазақтың ақ бас және симминтал тұқымдас 4 бұқа алған. Бұл жерде 5 адам еңбек етеді. Өйткені, ірі қаралар ерекше күтімді қажет етеді дейді жұмысшылар.

Қанат Есенғұлов, “Дурсунов” ЖК мал күтушісі.

-3 рет шөп береміз. Екі рет су береміз. Астын тазалаймыз. Жұмысым өзіме ұнайды.

Шаруа қожалықтың алдағы жоспарлары да ауқымды.

Александр Петров, “Дурсунов” ЖК басқарушысы.

-Мемлекеттің көмегіне тағы бір жүгініп, ірі қараның санын арттырғымыз келеді. Және малды ұстап тұру үшін тағы бір база салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар екі трактор қажет.

Мұндағылар мал азығын сатып алады. Сондықтан жеке кәсіпкер жер алып, егіншілікпен айналыссам дейді. Оған қаражат жағы қол байлау болып отырған көрінеді. Ал жалпы, облыста “Сыбаға” бағдарламасы бойынша 2014 жылы 74 өтініш қаржыландырылған. Соммасы 675 млн 742 мың теңгені құрайды. Бұл қаражатқа 3 жарым мыңға жуық ірі қара алыныпты.

 

 

 

Бану Ахметова.