Спорт

Петропавлда әйелдер арасында волейболдан жоғарғы лига ойындарының 3-ші кезеңі басталды

Ал үшінші партияда теріскейлік волейболшылар барын салып, қонақтарға қарсылық көрсетті. Бірақ, Өскемен қаласының волейболшылары есепті еселеп, өңір құрамасына соққылар жасауға еш мүмкіндік бермеді. Сөйтіп, үш кезеңде де басымдыққа ие болған қонақтар жеңіс төрінен көрінді. Есеп 3-те 0.

Виктория Яценко – “Шығыс СвинецСтрой” ВК капитаны.

-Бүгінгі кездесуге солтүстікқазақстандық ойыншылар мықтап дайындалыпты. 3 партиялық жарыс тартысты сәттерге толы болды. Дей тұрғанмен, біздің команда – ұйымшылдығының арқасында жеңіске жетті.

Жылдағы дәстүрге сай Қазақстанның 6 аймағынан жиналған 6 волейбол командалары тартысқа түсуде. Осыған дейінгі чемпионаттың 2-ші кезеңі Өскемен қаласында өткен болатын. Оның қорытындысы бойынша әзірше, жалпыкомандалық есепте алматылық құрама топ бастап келеді.

Павел Патраков – жарыстың бас төрешісі.

-Елімізде жылдан жылға бұл турнирге қатысушы волейбол командаларының саны артуда. Бәсеке де жоғары. Биыл чемпионаттың 2-ші кезеңінің нәтижесіне сәйкес Алматы, Өскемен мен Қарағандылық волейболшылар алда келеді. Ал үшінші кезеңнің фавориттерін алдағы ойындарда анықтайтын боламыз.

Келесі кездесуді жерлестеріміз Қарағанды қаласының волейбол командасымен өткізбек.

 

 

Бакыт Садуакасов.